Челахтың ісіне қатысты Бас прокуратурадан Шекара қызметіне ешқандай өтініш түспеген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін айтты.
«Челахтың ісіне қатысты Бас прокуратурадан ҰҚК Шекара қызметіне ешқандай өтініш түспеді. Құжаттар да түскен жоқ», – деді Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Сондай-ақ ол қазір Арқанкерген шекара бекеті жұмыс істемейтінін айтты.
«Қазір ол жұмыс істеп тұрған жоқ. Шекара бекеті тек жазда жұмыс істейді», – деді Алдажұманов.
Айта кетейік, 2012 жылдың 28 мамырында қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Арқанкерген» шекара бекетінде қайғылы оқиға болды...