Елорда жастары кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген несие ала алады, деп хабарлады Астана әкімдігінің сайты
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіповтың айтуынша, шағын кредит агронесиелік корпорация арқылы беріледі.
«Бұл шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Қаржы конкурстық негізде беріледі. Жеңілдетілген несиенің шарттары: номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%; несиенің максималды сомасы – 5 млн теңге (кепілдікпен). Мерзімі – 5 жыл. Мал шаруашылығында – 7 жыл», деді Жүсіпов.
Өтініш берген кезде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі бес жылдан аспауы керек. Сонымен...