2022 жылдың мамыр айынан бастап прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты басталған сотқа дейінгі барлық тергеп-тексерулерге тексеріс жүргізді. Осы кезеңде экономика саласында 360-тан астам қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабаралады.
2022 жылғы 2 қыркүйекте Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдарына бизнес субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеу тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейтін арнайы нұсқау жіберді.
Сондай-ақ жаңа «Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» қабылданды, оған сәйкес прокурорлар бизнес субъектілеріне қатысты әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының заңдылығын бір тәулік мерзімде тексеруге және бұзушылықтар анықталған кезде қылмыстық қудалауды дереу тоқтатуға міндетті. Іс заңды түрде қозғалған деп танылған жағдайларда прокурор кейін әрбір 15 күн сайын тергеу...