Тұрғын үйді сату-сатып алу нарығындағы көрсеткіш төмендеп барады. 2022 жылғы шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 30 393 құрады, бұл өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 34,3% кем, теріс көрсеткіш барлық өңірлерде тіркелген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жылдың маусым айымен салыстырғанда көрсеткіш 2% кеміді. Өңірлер бөлінісінде мәмілелер көп жасалған қалалар – Алматы мен Нұр-Сұлтан, тиісінше 4 915 және 4 391 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Солтүстік Қазақстан облысы – 619.
Өткен аймен салыстырғанда мәмілелер санының төмендеуі бірқатар өңірде байқалды, ең көп төмендеу Павлодар (-19,2%), Алматы (-17,0%), және Атырау (-7,4%) облыстарында. Маусым айына қарағанда өсім...