2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге(1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою...