Фото: kursiv.media
Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығының мәліметінше, еліміздегі 11 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйымның 50%-ы – жекеменшік. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы 97,4 мың ұстаздың 41,5 мыңы ауылдық жерлерде, 55,8 мыңы қалада жұмыс істейді. «Балалық шаққа инвестиция» мектепке дейінгі білім инвесторларының IV республикалық форумына жиналғандар арнайы жобалары үшін инвестор керек екенін айтты.
Жиында кәсіби шешімдерді табу үшін білім беру саласындағы инвесторлармен ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланған.
«Осыдан 20 жыл бұрын мемлекеттің мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына көзқарасы, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау саясаты, нарық заманына дайын емес еді. Сол үшін білім заңына, басқа да заңдарды өзгерту керек болды. Мұны...