Қазақстан 100 ықтимал ұпайдан 39 ұпай жинап (180 ел арасында 92-орын) қайтадан жемқорлық деңгейі жоғары елдер қатарына енді. Бұл туралы жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы Transparency International хабарлады.
«Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанның орны 3 тармаққа жақсарған. Бұған ең алдымен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, активтерді қайтару және жоғары лауазымды шенеуніктерді және олардың туыстарын қамауға алу әсер еткен»,– делінген мәлімдемеге сәйкес.
Айта кетейік, 50-ден төмен ұпай жинаған елдер сыбайлас жемқорлық көрсеткіші жоғары деп танылады.
«Ең алдымен, бұл бағалау бүкіл елді, демек қоғамды да бағалау екенін, ал мемлекеттік аппарат оны...