Егер үкімет сауда шектеулерін енгізбесе, қытай автокөлік өндірушілері басқа автомобиль компанияларының көпшілігін басып озады. Бұл туралы 2023 жылдың қорытындысын шығару кезіндеTesla компаниясының басшысы Илон Маск айтқан.
Reuters ақпаратына сүйенсек, миллиардер қытай автокөлік концерндерінің бәсекеге қабілетті және өз елінің аумағынан тыс жерде айтарлықтай жетістікке жете алатынын атап өткен.
«Егер ешқандай сауда кедергілері болмаса, олар әлемдегі басқа автомобиль компанияларын басып озып жойып жібереді», — деп ескертті Илон Маск.
Басылымның мәліметінше, кәсіпкер өткен тоқсанда қытайлық BYD Tesla-ны басып озып, электромобильдерді сатуда әлемдік көшбасшыға айналғаннан кейін осындай тұжырымға келген.
The Wall Street Journal мәліметтері бойынша, 2023 жылдың соңғы үш айында BYD 526 000 электрокарь сатты, ал Tesla тек...