Қазақстанда вейптерді әкелу, өндіру, сату және таратуға тыйым салынады. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын» қабылдады. Құжат Сенатқа жолданды.
Вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік:
сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде, бiрнеше рет жасалған әрекет үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, заң жобасында әскери медицина қызметкерлерінің қызметін жетілдіру, медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды ұсыныстар ретінде...