Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын реттеу шараларына мемлекеттен ақша бөлінбегенін айтты. Сонымен бірге киік санын азайту халықаралық тәжірибе негізінде жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
«Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады. Мәселен, Жаңа Зеландияда, Германияда жануарлар саны реттеліп отырады. Германияда қабан саны ұрғашы, буаз деп бөлместен реттеледі. Финляндияда да солай», – деді министр.
Министрлік басшысы қазір саны азайтылып жатқан киік санын көбейткені үшін Қазақстанға тек Ди Каприодан ғана емес, басқа халықаралық ұйымдардан алғыс хаттар келгенін айтты.
«Атақты Голливуд актері Ди Каприодан ғана емес, сонымен қатар көптеген халықаралық ұйым бізге...