Фото: parlam.kz
Депутаттар мен шаруалар Ұлттық банктің ұстанымына қарсы. Ұлттық банк пен Үкімет Аграрлық банк құру бастамасын жаншып тастауға тырысып жатыр. Бұл туралы Мәжілісте өткен дөңгелек үстел отырысында депутат Анас Баққожаев айтты.
«Депутаттар мен шаруалар Ұлттық банктің ұстанымына қарсы екенін ашық мәлімдеймін. Ұлттық банк пен Үкімет өздерінің дәлелдерімен Аграрлық банк құру бастамасын жаншып тастауға тырысып жатыр. Біз мұнымен келіспейміз. Қазақстанға келетін азық-түлік импортының көлемі 6 млрд долларға дейін өсті. Бұл өте үлкен сомма. Қазір шаруалар ақша тапшылығын сезінуде. Оның орны қалай толады? Қаржы институттарының ешқайсы тұрақты, арзан несие бере алмайды. Агробанк не шешеді? Біріншіден, біз мемлекет...