11-15 желтоқсан аралығында Астана халықаралық әуежайында 152 рейс кешіктірілді. Әуежай кешіктірілу себебін түсіндіріп өтті.
«11-15 желтоқсан аралығында Астана халықаралық әуежайынан ішкі және халықаралық бағыттарда 341 рейс орындау жоспарланған. Осы аптада елордада қолайсыз ауа райы орнап, термометр бағаны – 30 (желдің әсерімен -44) көрсетті. Салдарынан жоспарланған рейстің 152-сі түрлі себептермен кешіктірілді», – делінген хабарламада.
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі рейстерді кешіктірудің негізгі себептерін түсіндірді.
Алғашқысы, ұшақтың Астана халықаралық әуежайына кеш келуі. 11-15 желтоқсан аралығында осы себеппен 96 рейс кешіккен. Яғни әуе компанияларының ұшақтары Астанадан белгілеген бағытқа ұшпас бұрын, алдыңғы рейстен кеш келіп, ұшақты қайта жарақтау, тазалау, жанар-жағармай құюға біраз уақыт жұмсап...