«Chia Tai Pharmaceutical» басшысы қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрды деп айыпталды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот нені анықтады
«Сотталушы 2022 жылдың қыркүйегінде «Chia Tai Pharmaceutical» (немесе «Chia Tai Tianqing») қаржы пирамидасына қосылып, оның Астанадағы құрылымдық бөлімшесінің басшысы болды. Одан әрі шетелге дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру және экспорттаумен айналысатын фармацевтикалық зауыттың қызметіне заңды түрде инвестиция тарту, қосымша зауыттар салу және тағамдық қоспаларды жақсарту деген желеумен аса ірі мөлшерде инвесторлардың қаражатын заңсыз тартқан», делінген хабарламада.
Астана қалалық сотының мәліметінше, қаржы пирамидасының жұмыс істеуі өз қаражатын кейінірек инвестициялаған салымшылардың ақшасын, ертерек салған...