Жемқорлардан жиналған қаражатқа 6 мектеп салынады / Фото: kursiv.media
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап жемқорлардан арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түскен. Бұл жайлы Үкіметтің үйінің парақшасында жазылған.
«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап (жемқорлардан қайтарылған қаражат) арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті. Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды»,- делінген хабарламада.
Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілген.
Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталған. Жалпы «Жайлы мектеп...