Қостанай облысындағы Шұбаркөл көлін Ресей ГРЭС-і ластап жатыр. Бұл жайлы мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов айтты.
«Қазіргі таңда еліміздегі экологиялық мәселелердің ошақтарының бірі – Қостанай облысындағы Қарабалық ауданындағы күл үйіндісі. Мұнда, Шұбаркөл көлінің түбінде Ресей Федерациясының елді мекендерін электр және жылумен қамтамасыз ететін Челябі облысындағы Троицкая ГРЭС-те көмірді жағу кезінде пайда болған күл қалдықтары жиналады»,- дейді депутат.
Депутаттың айтуынша күл мен шлак қалдықтарын сақтау үшін бұл жерлерді пайдалануға беру жөніндегі рұқсат қағазы 1993 жылы берілген екен. Содан бері күл үйіндісі орналасқан орынды жабу мәселесі әлі шешілмеген. Нәтижесінде бұл стансадан шыққан күл-қоқыс қалдықтары Шұбаркөл...