Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі музыкалық аспап жасайтын шеберлерді қолдау қажеттігін көтеріп, премьер-министр Олжас Бектеновтің атына сауал жолдады.
Депутат домбыра күні енгізіліп, мектепте домбыра пәні оқытыла бастағанымен, сол домбыраны жасаушылар мемлекет назарынан тыс қалып қойғанын атап өтті.
«Филармониялар, этно-ансамбльдер мен оркестрлері – бәрі шебердің еңбегіне сүйенеді. Алайда олар «жай қолөнерші» деген кең категорияның көлеңкесінде марапат пен қолдаудан қалып келді. Бұл тұрғыда олар – ұлттық дыбыстың сақшылары, мәдени қауіпсіздіктің кепілі», – деді Дархан Қыдырәлі.
Сенатор шеберлік – тек ағаш өңдеу емес, ғылыми-эксперименттік процесс екенін айтады.
«Аспаптың мензурасы, қуысы, қалыңдығы, ішек материалы, лак пен желімн...