Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 533,1 мың адам қатысты. 345,1 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 224,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 12,5 мың адам жіберілді.
Өз кәсібін бастау үшін 12 мың адам мемлекеттік грант алды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 152,6 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,6 мың, жастар практикасымен 25,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 107,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 425 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,2 мың адам жұмыспен...