ХҚО-дан дайын құжаттарды алуға енді үйден тапсырыс беруге болады, оларды Яндекс Доставка курьерлері әкеп береді. Жеткізу уақыты орта есеппен бір сағатты құрайды. Осылайша Сіз танымал мемлекеттік қызметтердің 150 түрі бойынша құжаттарды ала аласыз. Қызмет Қазақстанның 17 қаласында қолжетімді.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Пайдаланушының смартфонына 1414 нөмірінен құжаттардың дайын болғаны туралы, сондай-ақ express.gov4c.kz порталында дайын құжаттарды жеткізуді ресімдеуге ұсыныс білдіретін SMS-хабарлама жолданады. Бұдан әрі форманы толтырып, жеткізу мекен-жайы мен телефонын көрсетіп, жеткізілім ақысын төлеу керек.
Курьер бірден тағайындалады, ал жеткізудің нақты уақыты тапсырыс берілген кезде белгілі бір аймақтағы курьерлік қызметтерге сұраныстың болуымен, межелі жерге дейінгі қашықтыққа және жолдағы жағдайға байланысты анықталады...