Ғани Бейсембаевты оқу-ағарту министрі қызметінен алар қарсаңында өңірлердегі ұстаздар Астанаға барып, Ақорда алдында ереуіл өткізбек болған. Өйткені жеке мектептердің біразы мамыр айының ақысын әлі ала алмай жүр. Бұл туралы Kursiv.Media-ға Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы төрайымы Роза Садықова айтты.
Ұстаздар ереуілі
«Қазіргі жағдайды баяндар болсам, мамыр айының ақысын әлі алмаған мектептер бар. Ұстаздардың конституциялық құқығы бұзылды деп санаймыз. Мұғалімдер мен кәсіпкерлер бүгінгі күнге дейін шыдап келді. Расында да, Ақорданың алдына барамыз деген сөздер шықты. Қауымдастығымдағы мектептер емес. Түркістан облысы және басқа да кәсіпкерлер ереуіл өткізу үшін бейсенбі күні (25 қыркүйек) Астанаға барады...