Halyk bank ғаламдық депозитарлық қолхаттарын (ҒДҚ) қайта сатып алу бағдарламасын жариялады. Қаржы ұйымы жалпы құны 50 млн долларға тең ҒДҚ-сын кері сатып алуға ниетті. Директорлар кеңесінің шешімі Қазақстан қор биржасында жарияланған.
«Бағдарлама 50 миллион долларға дейінгі сомаға есептелген және Банк капиталының құрылымын оңтайландыруға бағытталған», – деліген хабарламада.
Банктің 1 ҒДҚ-сы – 40 қарапайым акцияға тең. Бұл бағалы қағаздарды алдымен Citigroup Global Markets сатып алып, содан кейін Halyk bank-ке қайта сатады. Citi ЖДҚ сатып алу бойынша тәуекелсіз принципал ретінде әрекет етеді.
Кері сатып алынатын бағалы қағаздар үлесі қаржы ұйымының айналымдағы қарапайым акцияларыны...