Қазақстан бюджетінің шығысы кірісінен асып түсетіндіктен, ел үкіметі алдағы жылдары бюджет шығынын қысқартуға ниетті. Мәселен, биыл қазынадағы 180 млрд теңге үнемделсе, ал 2025 жылғы жоспардан 360 млрд теңге қысқартылмақ. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, бұл бір реттік шара емес.
Министрдің орынбасары түрлі форум мен дөңгелек үстелдерге кететін шығын қысқарғанын жеткізді. Қазіргі бюджет жоспарына терең талдау жүргізіліп, басқа да мемлекеттік мекемелер шығынының тиімділігі сараланады.
«Қалай болғанда да, біздің шығынды кіріске сай ету жолындамыз. Яғни бюджетті қайта қарап, кей жердегі артық шығынды қысқартамыз. Бұл жұмыс үнемі жүреді. Бюджет кодексі аясында да осы жұмыс қолға алынған...