Қазақстандықтар әскерде жүріп бас-ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың еміне 140 млн теңге жинап берді. Бұл туралы «Курсивке» сарбаздың қоғамдық қорғаушысы Инга Иманбай хабарлады.
Қорғаушының айтуынша, қазір сарбаздың туыстары оны емдей алатын клиника іздеп, әртүрлі елдермен байланысып жатыр. Ербаян Оңтүстік Корея немесе Германияға емге баруы мүмкін.
Қаржы жинау туралы ақпарат жариялаған Лола Исраилованың айтуынша, Ербаянды тасымалдауға арналған санавиация құнының өзі 25 000 000 – 60 000 000 аралығында болмақ. Бұған қоса, емдеудің қанша айға созылатынын, құны қанша болатынын әлі де белгісіз. Қазір сарбаздың туыстары қаржы жинауды әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылдап жатыр.
«Қайда бару керек, кімге жазу керек, қайда...