Өзбекстан Қазақстанға тағы 500 млн текше метр су жібереді. Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев осындай келісімге келді.
Айта кетейік, 1 сәуірден бері өзбек тарапы елімізге Сырдария өзені арқылы 4 млрд текше метрден астам су жіберген. Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстанмен жарты жыл ішінде Қазақстанға Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су жіберу туралы мәмілеге келген болатын. Нәтижесінде өзбек тарапы 4 айда келісілген су көлемін жіберген.
Енді Өзбекстан Қазақстанға тағы жарты миллиард текше метр су жіберетін болды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметін...