Жуырда атауын Solidcore Resources деп өзгертетінін хабарлаған «Полиметалл» 2029 жылға қарай алтын өндірісін екі есе арттырмақ. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар Ертіс тау-кен металлургия кешенінің құрылысына 1 млрд доллардан астам инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Айта кететіні, Ертіс тау-кен металлургия кешені Павлодарға жақын жерде орналасады. Ол 2028 жылдың бірінші жартысында іске қосылады деп жоспарланған. Кәсіпорын 15 мың тонна алтын өндіруге қауқарлы. Ол үшін 800 млн доллар сомасында күрделі салым қажет.
«Қолданыстағы кеніштер аз өсіммен салыстырмалы түрде тұрақты өндірісті қамтамасыз етеді деп есептейміз. Дегенмен қазіргі өндірістік жоғары емес. Бірақ тұрақты. Иә, қазірг...