Қазақстан мен Қытай компаниялары Абай облысында жылдық қуаты 300 мың тонна болатын мыс балқыту зауытын салады.
Премьер-Министр Олжас Бектенов пен China Nonferrous Metal Mining Co. Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Си Чжэнпин шамамен құны 1,5 млрд доллар болатын зауыт салу келісіміне қол қойды.
«Келісімге тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін «Kaz Minerals Smelting» ЖШС, технологиялық жабдықты жобалау және сатып алу қызметтерін жеткізуші компания China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC), сондай-ақ құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстарының мердігері «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниялары арасында қол қойылды»,-делінген хабарламда.
Зауыт Абай облысындағы Ақтоғай кентінің маңында салынады. Шикізат көзі Бозшакөл және Ақтоғай тау-кен...