Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелері қауымдастығына кіретін 26 қайырымдылық мекеменің мемлекеттік тіркеуі жойылып, қызметі тоқтатылды. Апелляциялық сот та бұл шешімді күшінде қалдырған.
«Уәкілетті орган тексерісінің қорытындысы бойынша Алматы қаласында қайырымдылықпен және білім беру саласындағы қызметпен айналысатын 26 мекеменің тек 11-і нақты жұмыс істеген, ал 15-і тіркелген жерінде жоқ екені анықталған», – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.
Қауымдастыққа кіретін ұйымдар қатарында «Ана Аманаты» қыздар мектеп-интернаты, «АМАНАТ әлеуметтік балалар үй-интернаты», «Алмалы» әлеуметтік балалар үйі-интернаты, «Сауран-Ислам мәдени орталығы» және т.б. қайырымдылық ұйымдары бар.
Сот хабарлауынша, мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты, соның ішінде көші-қон, еңбек, жер...