«ҚазМұнайГаз», «Сибур» холдингі және Sinopec жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін кәсіпорынды іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметі хабарлады.
«Жоба Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды, өйткені оның құрылысы елімізде көмірсутек шикізатын терең өңдеуді дамытуға мүмкіндік береді. Белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді, алда бізді құрылыс кезеңі мен зауытты іске қосу үшін әлі де қарқынды жұмыс күтіп тұр», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасенов.
Асхат Хасенов Sinopec Overseas Investment Holding Limited (Sinopec) компаниясының президенті Зоу Венджи, және «Сибур» ЖШҚ жобалау, күрделі инвестициялар және инвестициялық жобалар мәселелері жөніндег...