Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атауын өзгерту туралы сұраққа жауап берді.
«Қазір депутаттар корпусы елордалық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атауын өзгерту мәселесін талқылап жатыр ма?», – деген журналист сұрағына Сенат депутаты күн тәртібінде мұндай мәселе болмағанын және талқыланып жатпағанын айтты.
.
Алайда қазір мемлекеттік наградалардың атауы өзгертіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, 1-дәрежелі «Айбын» орденіне «Сағадат Нұрмағамбетовтің», 2-дәрежелі «Айбын» орденіне «Бауыржан Момышұлының», 3-дәрежелі «Айбын» орденіне «Рақымжан Қошқарбаевтың» аты беріледі.
Ең бірінші кезекте «Назарбаевтан» Астана атауы қайтарылды. Өткен жылдың 15 ақпанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялы...