Түркияның «Aksa Energy» компаниясы Шымкент қаласы аумағында құны 700 млн доллар болатын аралас циклды газ зауытын салатын болды.
Шымкент билігі мен «Aksa Energy» компаниясының өкілдері кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Қондырғы құрылысы биыл басталады.
Жаңа жоба қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, қала бюджетіне кіріс әкеледі деп күтілуде.
«Құны 700 миллион долларға жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Құрылыс кезінде 1000-нан астам жұмыс...