«Жеңіс» геологиялық барлау бағытындағы оффшорлық мұнай-газ жобасында көмірсутек қоры анықталмады. Сондықтан жоба тоқтатылды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады. «Өкінішке қарай, «Жеңіс» құрылымында іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылау жұмысы нәтиже бермеді, көмірсутек қоры анықталмады. Геологиялық болжам расталмады», – деп мәлімдеді ҚМГ. Дегенмен, геологиялық бұрғылау жұмысының нәтижесінде алдағы уақытта ҚМГ-ның басқа…