Елімізде энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов мәлімдеді.
Айтуынша, жұмыстар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін жүргізіледі.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленеді. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек алатын халықты қоспағанда, тұрмыстық тұтынушылар үшін ұқыпты тұтынуды ынталандыратын газға сараланған тарифтер тетігі енгізіледі», – деді Ақшолақов.
Сондай-ақ ол электр энергетикасы нарығын дамытуға тоқталды.
«1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясын теңгерімдеуші нары...