Қазақстан биыл мұнай мен газ конденсатын былтырғы жылмен салыстырғанда тәулігіне 160 мың баррель көбірек өндіреді деп, болжайды ОПЕК кезекті есебінде.
Бұл Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ өндірісінің өсуі есебінен жүзеге аспақ. Желтоқсан айында Қазақстан Қашаған мен Қарашығанақта өндіріс көлемін арттыру есебінен 7 мың баррельге, тәулігіне 1,6 млн баррельге дейін өндіруді ұлғайтты.
Жалпы, ОПЕК ұйымға кірмейтін елдерде мұнай мен газ конденсатын өндіру бойынша болжамды тәулігіне 150 мың баррельге – 2023 жылы тәулігіне 67,01 млн баррельге дейін төмендетті. Қазақстаннан басқа АҚШ, Норвегия, Бразилия, Канада және Гайанада мұнай өндірудің өсуін күтіп отыр. Өз үлесін қосудан АҚШ әрқашан алда, онда өндіріс 1,11 миллион баррельге...