Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің депутаттары бірқатар министрлік өкілдерімен кездесіп, Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың тиімділігі мен жаңа тәсілдері мәселесін талқылады.
ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҚАРЖЫНЫ КІМДЕР АЛАДЫ?
Кездесу барысында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына қалай аударылатынын айтты.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы 2024 жылдан бастап жүзеге асады.
Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді.
«Инвестициялық табыстың мөлшерлемесін алдыңғы кезеңдердегі орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарланып отыр. Болжам бойынша мұндай тәсіл осы бағдарламаға туғаннан бастап қатысатын балаға жыл сайын 150-160 АҚШ доллар көлемінде 18 төлем алуға мүмкіндік беред...