Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға қолданыстағы ағымдағы шоттары бар-жоғын тексеріп, қажет болса жаңадан ашуға кеңес береді. Өйткені 10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) осы ағымдағы шоттарға түседі.
Теңгедегі депозиттер бойынша сыйлықақы салымшылардың ағымдағы банк шоттарына аударылады. Ал Отбасы банкінің епозиторларына келетін болсақ, 10 пайыздық сыйлықақы олардың жинақ шоттарына аударылатын болады.
Банктер өтемақы төлеуге өтініштер қабылдауды 2023 жылғы 10 ақпанда аяқтаған. Салымшыға 10%-дық сыйлықақыны оған депозит ашқан банк төлейді.
Төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төленеді. Осы күні Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы да аяқталады. Сәйкесінше салымшы 2023 жылдың 24 ақпанынан бастап, өтемақы төленетін салымынан ішінара немесе толық көлемде ақша алуға...