Акцизделетін өнімнің (алкоголь өнімі, темекі өнімдері және мұнай өнімдері) айналымын бақылау өз нәтижесін берді. 2022 жылдың қорытындысымен аталған өнімдер бойынша түсімнің өсу қарқыны 1,6 есеге ұлғайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарланды.
Бюджетке қанша түсті?
Ағымдағы жылдың басынан бастап акциздер бойынша түсімдер 1,6 есеге ұлғайды: егер өткен 2021 жылы бюджетке 468,5 млрд.теңге түссе, 2022 жылы 757,3 млрд. теңге түсті (288,8 млрд. теңгеге немесе 161,6% артық).
Түсімдердің оң динамикасына салық деректерін салыстыра отырып, Комитеттің қолданыстағы бизнес-процестерін автоматтандырудың тиімділігі есебінен қол жеткізілді. Түсімдердің өсуіне акциздер мөлшерлемесінің өсуі де әсер етті.
Мысалы, әкімшілендіру нәтижесінде алкоголь өнімінің өндірісі екі есеге өсті, оның ішінде арақ: 2021 жылы...