Несиеге қолжетімділікті кеңейту есебінен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Оған келесі жылға 70 млрд теңге бөлу көзделген. Бұл ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Жалпы 5 жылдың ішінде осы жобаға 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамти отырып, 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр.
Осы жұмыс аясында барлық жеке үй шаруашылықтың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Сонымен қатар Әлихан Смайылов қазіргі уақытта халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы одан әрі іске асырылып жатқанын атап өтті. Оның шеңберінде 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті. Дәрігерлердің жалақысы 30%-ға...