Астана қаласында 26-28 қазан аралығында Нобель сыйлығының лауреаттары, көрнекті ғалымдар мен сарапшылар бас қосқан жыл сайынғы V Nobel Fest фестивалі өтіп жатыр. Бүкіл әлемдегі студенттер мен жас ғалымдардың инклюзивті білімге қолжетімділігін арттыру үшін іс-шара гибридті режимде: оффлайн және онлайн өткізілді. V Нобель фестивалінің екінші күнінде спикерлер білім мен медицина, болашақ пен психология мәселелерін көтерді. Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі экономика және осы саладағы әлемдік даму болашағы болды.
Мәселен, Reinventing Bretton Woods Committee (Бреттон-Вудс жүйесін қайта құру комитеті) бас директоры Марк Узан дүние жүзін қаржылық дағдарыс күтіп тұр ма, жоқ па деген сұраққа тоқталып өтті. Узан екі апта бұрын Вашингтонда Дүниежүзілік...