Биылғы бірінші жартыжылдықта бір жасқа дейінгі қайтыс болғандар саны 1,6 мың адамды құрап, бір жыл ішінде 2,3% азайды. Бұл туралы Finprom.kz сайты хабарлады.
Өңірлер бойынша ең көп өлім-жітім Алматы облысында тіркелді: 210 жағдай, бір жыл бұрынғыдан бірден 20,7% көп. Одан кейін халық тығыз орналасқан оңтүстік облыстар — Шымкент (209 жағдай, 2,5% көбейген) және Түркістан облысы (172 жағдай, 33,3% көбейген) келеді.
Бір жасқа дейінгі өлім-жітім санының жыл сайынғы ең көп өсімі Түркістан облысында, ең көп азаюы Ақтөбе қаласында (35%, 80 балаға дейін) байқалды.
Көбіне бір жасқа дейінгі балалардың өлімі перинаталдық кезеңде туындаған жағдайларға байланысты болды: Атап айтқанда биыл жыл басынан бер...