Солтүстік Қазақстан облысының Покровка ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. Бұл «Қазақстан халқына» қорының «Батыр боламын» қорымен серіктестікте «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы бойынша ашылған сегізінші спорт зал. Жобасы аясында ауыл балалары спорт секцияларына тегін қатыса алады.
Спорт зал жергілікті мәдениет үйінің ғимаратының ішінен ашылды. Осыған дейін тұрғындар ауылшаруашылық колледжінің спорт залына баратын, алайда онда тұрақты жаттығу жүргізу үшін қажетті жағдай жасалмаған. Сондықтан залдың ашылуын ауылдастар, әсіресе, балалар асыға күтті. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен үй-жай қажетті заманауи жабдықтармен және спорттық мүкәммалмен жарақтандырылды. Залда екі жаттықтырушы жұмыс істейді.
«Қазір облыстық чемпионаттарда біздің ауданның атынан шығатын боксшылар жоқ. Бірнеше жыл...