«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 20 мың адамға мемлекеттік көрсетілген қызметтер белсенді көрсетілуі үшін SMS жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 5,5 мың адам немесе 29,4% пайдаланды. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу...