2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеке кәсіпкерлер патент қолдана алатын қызмет түрлері бойынша енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді. Барлығы 32 қызмет түрі бекітілген.
Негізінен бұл: жалға алу, шаштараз, маникюр мен педикюр қызметі, такси, сылақ және сырлау жұмыстары, тасымалдау қызметі, бақташы, яғни жеке тұлғалар өз бетінше көрсете алатын қызмет түрлері.
Айта кетейін, патент – шағын бизнес жүргізудің ең қолайлы тәсілі. Бұл салық салу режимі есеп өткізу тұрғысынан да қиындық тудырмайды және оның мерзімі ұзартылуы мүмкін. Патент негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкер осы кәсіп орналасқан аудандағы салық органына тіркеледі.
Ал осы бекітілген 32 қызмет түрінің тізіміне кірмеген жеке кәсіпкерлер салық салуды...