Телефон арқылы алдайтын алаяқтар туралы бұған дейін талай жазғанбыз. Арагідік жаңа тәсілдер пайда бола қалса, оқырманға ескерту мақсатында үнемі мәлімет беріп отырамыз. Мысалы кейінгі кездері Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ішкі істер министрлігінен, Бас прокуратурадан хабарласып тұрмыз деп алдап, жалған құжат жасап көрсетуі мүмкін. Мұндай алаяқтардың схемасы қандай, алданып қалмас үшін не істеу керек — бұл туралы бүгінгі материалымыздан оқи аласыздар
Алаяқтардың дені қоңырау арқылы алдайтыны белгілі. Әр кезде әртүрлі себеппен хабарласып, тұзаққа түсіреді. Олар кімге қалай сөйлеу керегін де жақсы меңгерген әккі. Тіпті ең күдікшіл деген адамның өзін кейде сөзіне сендіріп жіберуі мүмкін. Кейінгі кездері олар өзін екінші дәрежелі банктердің қызметкер...