Бұл шара еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған
Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін квоталау механизмін бекіту бойынша шаралар қабылдап жатыр.
15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын.