ForteBank қарапайым акциялар бойынша дивидендтерге 58,2 млрд теңге немесе таза пайданың 46%-ын бөлу туралы шешім қабылдады. 2023 жылы Ұлттық банктің мәліметі бойынша ForteBank 126,7 млрд теңге табыс тапқан. Дивидендтерді төлеу туралы шешім 17 сәуірде өткен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы құжатта жазылған.
«Қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеуге 58 млрд 218 млн теңгеден аспайтын мөлшердегі сома бөлінсін. Дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс банктің қарамағында қалсын», – делінген хабарламада.
Таза табыс – 126,7 млрд теңге
Бір қарапайым акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 0,6436 теңге деңгейінде бекітілді. Төлем 15 мамырда...