Су тасқыны салдарынан кей елдімекендерде ұялы байланыс қызметі нашарлаған. Электр қуатының өшуіне байланысты кейбір базалық станциялар жұмыс істемей тұр. Қазіргі уақытта Құлсары қаласында бірқатар базалық станция қадалары опырылып, Қостанай қаласында Kcell ұялы байланыс операторының жабдықтары орналасқан үй-жайларды су шайып кеткен. Бұл жөнінде ОКҚ өткізген брифингте ҚР Цифрлық даму министрлігінің өкілі Альбина Атен хабарлады.
Су тасқынымен күрес кезінде жүздеген маман төтенше жағдай болған аймақтарға барған. Ұялы байланыс операторлары жұмыс істемейтін жабдықты ауыстыру, су басу қаупі бар аймақтардан және эвакуацияланатын аумақтардан техниканы эвакуациялау және жабдықты су деңгейінен жоғары жылжыту жұмыстарын, электр энергиясы жоқ жерлерде дизельдік генераторларды қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-а...