1 сәуірде СҚО-ға халықты су тасқынынан құтқаруға келген азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Қуанышұлы Балданов 2 сәуірге қараған түні ауруханада қайтыс болды.
Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, 1978 жылы дүниеге келген құтқарушы Бекжан Балданов ауруханада жүрек талмасынан қайтыс болған.
«2024 жылы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың реанимация бөлімінде Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының нөмірі 6-өрт сөндіру бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Қуанышұлы Балданов қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Бекжан Балданов Тайынша ауданына 1 сәуірде Түркістан облысының құтқару күштер...