Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі бар. Осыған орай Төтенше жағдайлар департаменті таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
«28 наурыз бен 31 наурыз аралығында Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды», – деп жазылған таратылған хабарламада.
Көшкін қаупі 55 учаскеде болуы мүмкін. Оның ішінде Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандары аталған.
Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы «Pioneer» тау шаңғы курортының маңында қар көшкіні жүрді. Қар көшкінін...