ҚМА «Тиолайн» компаниясының тең иесі Виктор Долгалевке қатысты тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылдың 3 ақпанында «Тиолайн» компаниясының иелерінің бірі Виктор Долгалев жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін ұсталды.
Ақпаратқа сәйкес, ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, 26 млрд теңге көлемінде табыс тапқан.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдың наурыз айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияның 38 млрд теңгеге қаржылық және инвестициялық міндеттемелерін орындамауына байланысты «Обуховское» кен орнында жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан.
«2020 жылдың 1 маусымында сот шешімімен Долгалевке «Тиолайн» компаниясының мүлкін басқаруға тыйым салынды. Осыған қарамастан, Долгалев өзін...