Қазақстанға ауқымды инвестиция тартуға қатысты Ұлттық инфрақұрылым жоспары сапалы әзірленуге тиіс. Оның айтуынша құжат ойға келгеннің бәрін бір құжатқа жинақтау деген сөз емес. Ал, оған «бюджеттен қаржы бөлінбеді деп сылтау айту – қолыңнан түк келмейтінін мойындау деген сөз», Президенттің пікірінше.
Мемлекет басшысы елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс екенін атап өтті.
«Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет...