Теңге бағамы алдағы уақытта құбылмалы болмақ. Оған әлемдік геосаяси жағдайдың белгісіздігі ықпал етеді. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, бас банк теңгерімсіздік жинақталуына жол бермей, алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін еркін бағам режимін ұстануды жалғастырады.
«Сәуірде жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың жалғасуына қарамастан, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ға нығайды. Бұл айда шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай азаюы байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 млн АҚШ долларынан 92 млн АҚШ долларына дейін азайды» деді Пірматов.
Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсеткен. Оның көлем...